Алматының 2022 жылға арналған бюджеті бекітілді

Бюджет жобасын депутаттарға Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев таныстырды. Оның дерегінше бюджет жобасының жалпы сомасы – 1,4 триллион теңге.

Білім беру саласына 197,3 миллиард теңге бөлінді. Қаражат жалпы саны 310 мың оқушысы бар 204 мектепті, 15 интернат мекемелерін, 48 колледжді ұстауға арналған. Бұдан басқа, келесі жылдан бастап білім беру объектілерінің бұрын жекешелендірілген ғимараттарын коммуналдық меншікке қайтару жоспарлануда. Осының арқасында тек Әуезов және Бостандық аудандарында оқушы орындырының тапшылығын қысқарту қарастырылып отыр,- деді қала әкімі.

Сонымен қатар, «Айнабұлақ», «Саялы-2», «Ақжар» ықшам аудандарында 640 орындық үш балабақшаның құрылысын бастау, Алатау және Наурызбай аудандарында бес мектеп пен балабақшаны сейсмикалық нығайту, инновациялық шығармашылықтың екі орталығын салу жоспарлануда.

211214121843308e Алматының 2022 жылға арналған бюджеті бекітілді

Денсаулық сақтау саласында 38,7 миллиард теңге көлемінде шығындар жоспарланып отыр. Кеңейтілген медициналық көмек көрсету үшін «Мамыр-5», 6 ықшам аудандарында 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.

Тұрғын үй саласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар мен отбасыларға әлеуметтік көмек ретінде 1 мың тұрғын үй сертификаты қарастырылған. Сонымен қатар, «Алматы жастары» бағдарламасы аясында жастарға «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген несие беру жоспарланған,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен бірге жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 42,3 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде 200 шақырым жол жабынын жөндеу жоспарланған. Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Саин көшесі – Мөңке Би көшесі қиылысындағы көлік жолайырықтарының құрылысы жалғастырылады.

Спортты, туристік инфрақұрылымды дамытуға, аумақтарды көгалдандыруға қаражат қарастырылған.

2022 жылға арналған бюджет жобасы қаланың болжамды даму параметрлері мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамын негізге ала отырып қалыптастырылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке түсетін түсімдерді күтілетін бағалауға сәйкес өсім 2020 жылға арналған нақты түсімдердің 115% деңгейінде болжанып отыр,- деді Алматы әкімі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да