26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ақмола облысының кей жерлерінде қар бұрқап, тұман, көктайғақ болады, аймақтың басым бөлігінде түнде жел күшейіп, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының аймақтарында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с дейін артады.

Жамбыл облысында тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады, Оңтүстік Қазақстан облысында таңертең және күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін көтеріледі.

Атырау облысының бірқатар аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында қар бұрқап, көктайғақ болады.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында боран күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде қар жауып, боран соғады деген болжам бар.

Қарағанды облысының жекелеген аумақтарында тұман түсіп, кей жерлерінде түнде боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей аймақтарында түнде қар борап, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

 

 

ДереккөзBAQ.kz