Шымкент әкімі жалақысының қанша екенін айтпады

Журналистердің сұрағына жауап берген қала әкімі жалақысының басқа облыс әкімдерінің жалақысынан еш айырмашылығы жоқ екенін айтты.

Бұл сұрақ БАҚ-та бірнеше рет айтылды, менің жалақым басқа әріптестерімдікі сияқты. Бұл үкіметтің қаулысымен бекітілген. Менің жалақымның қанша екенін сіздер жақсы білесіздер деп ойлаймын, — деп жауап берді Мұрат Әйтенов.

Әкім сонымен бірге отбасысы азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтынын білмейтінін, тұрмыстық мәселелердің барлығын жұбайы мойнына алғанын айтты.

Мен мемлекеттік қызметкермін, іс жүзінде уақытым жоқ. Әйелім екеуміздің өкілеттіктеріміз ортақ. Ол барлық тұрмыстық мәселелерді өз мойнына алды, сол үшін оған алғыс айтамын. Ол мұны күндіз-түні істейді, менің араласуыма рұқсат бермейді, — деді қала әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ай сайын 1,8 миллион теңге жалақы алып жатқанын айтты. 7 желтоқсанда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысының сомасын айтудан бас тартты.

Ал кеше, 8 желтоқсанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ай сайынғы жалақысы мен азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтқан еді. Бүгін, 9 желтоқсан күні cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов 1 миллион 200 мың теңге жалақы алатынын айтты.