Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қанша жалақы алады?

Бұл стандарт қой. Біз әріптестермен шамамен 900 мың теңге аламыз, — деді денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цой сонымен бірге отбасысы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын да айтты.

Біздің отбасымызда бес адам. Орташа есеппен аптасына 50-70 мың теңге шығады. Кейде отбасылық мереке немесе тағы басқа шара болып қалады. Сондықтан бұл жерде аптаға байланысты. Біз де сіздер сияқты адамбыз, дүкенге барамыз. Сол себепті бұл қалыпты жағдай, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ай сайын 1,8 миллион теңге жалақы алып жатқанын айтты. Ал кеше, 7 желтоқсанда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысының сомасын айтудан бас тартты.