Antikor басшысы қанша жалақы алатынын айтты

Брифингі кезінде журналистер Марат Ахметжановтан құпия болмаса жалақысы туралы айтуды сұрады.

Менің жасыратын ештеңем жоқ, әрқашан да айтып отырамын. Осы қызметке келгенде де айттым. Бүгінде менің айлығым 1 миллион 200 мың теңге, — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

Еске салайық Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне биылғы 16 сәуірде тағайындалған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ай сайын 1,8 миллион теңге жалақы алып жатқанын айтты. 7 желтоқсанда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысының сомасын айтудан бас тартты. Ал кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ай сайынғы жалақысы мен азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтқан еді.