Нұр-Сұлтан әкімі карантин шектеулерін енгізбеу үшін не істеу керектігін айтты

Нұр-Сұлтан жаз айларында «қызыл» аймақта болды. 1600- ден астам науқас күнделікті анықталып отырды. Қазіргі уақытта жағдай біршама жақсарып, күніне 120-130 адам аясында тіркеліп жатыр. Қазір «сары» аймақтамыз. Біздің ойымызша, бұған ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы септігін тигізді. Себебі қазір біз 66% астам ересек азамттарды вакциналаудан өткіздік.

Ал екінші компонентпен жоспарланған ересек азаматтардың 61% астамы екпе алды – 434 мың адам. Қараша айында ревакцинация басталды. Әзірге 1 177 адам ревакцинациядан өтті, — деді қала басшысы.

Қала әкімі әлемнің ірі қалаларында «омикрон» штамының кесірінен шектеулер қайта күшейіп жатқанын еске салды.

Өздеріңіз білетіндей, «омикрон» штамы пайда болғалы вирус мутациядан өтіп жатыр. Халықаралық аренада ірі қалалар мен мемлекеттерде қосымша шектеулер орнатылып жатыр. Осындай қосымша шектеулер орнатылмас үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтауымыз қажет. Вакцинацияны әрі қарай жалғастырамыз, -деді Алтай Көлгінов.