Air Astana Пулково аэропортының жүлдесіне ие болды

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін LED Together салтанатты шарасы биыл алтыншы рет өткізілді. Санкт-Петербург қаласының Пулково аэропортында өткен шарада барлық авиакомпаниялар бас қосты. Онда 2016 жылдың қорытындысы жасалып, үздік әуе тасымалдаушылары марапатталды. Шара барысында Пулково авиакомпаниясының 2016 жылы 31 мың адамды тасымалдау үшін барлығы 240 рейс жасағаны белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін «Эйр Астана» Шереметьево аэропортының «Ең үздік шетелдік авиакомпания — жолаушылар таңдауы» аталымын жеңіп алған еді.