Ішкі істер қызметкерлеріне арықтау міндеттелді

Тәжікстан Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода толысып кеткен тәжік милиционерлеріне жұмыстарын жоғалтып алмас үшін арықтауды міндеттеді, деп хабарлайды Inform.kz.

Ішкі істер министрлігі
Көрнекі сурет

Bbc.com сайты Тәжістан республикасындағы жаңа міндет туралы жариялады.

«Қызметкер толысып кетті, жұмысқа қабілеттілік төмендеді. Ол көп тамақтанып, аз еңбек етеді. Бұған бір шара қолдану керек. Әйтпесе, ол салмақ қосуды жалғастырады. Ал бұл жұмыс сапасына әсер ететін болады», — деп атап өтті қалжың араластыра Тәжікстан ішкі істер министрі.

Қазіргі уақытта милиционерлердіі кейбіріне салауатты өмір салты жөнінде жай ғана әңгіме жүргізілсе, кейбіріне жұмысты жоғалтып алмас үшін арықтауға қатаң түрде кеңес берілуде. Тәжікстан ІІМ-нің баспасөз қызметі ел милиционерлеріне әрдайым спортпен шұғылданатын министрді үлгі етті.

«Оның футболда көрсеткіштері жақсы, ол шахматты тамаша ойнайды. Өз министрлерінен үлгі алуы керек», — деді Тәжікстан ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Умарджони Эмомали.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, Тәжікстан тұрғындары посткеңестік елдер арасында семіздікке ең аз шалдығады. Елде артық салмақтан бар болғаны ерлердің — 9, әйелдердің 15%-ы зардап шегеді. Бұл — посткеңестік кеңістікте ең төмен көрсеткіш.

ДереккөзInform.kz