Қазақстанда жаңа жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы өседі

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл президент жолдауында белгіленген тапсырма аясында жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жолдауынын жүзеге асыру аясында 2020-2025 жылдары медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жоспарланған, — дейді ол.

Ералы Тоғжанов ұсынған деректерге сүйенсек, осы жылдың 1 қаңтарынан  247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен. Соның ішінде, дәрігерлердің жалақысы 30% (246,1 мыңнан 319,9 мың теңгеге), орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20% (144,6 мыңнан 173,5 мың теңгеге) артып отыр.

Вице-премьердің айтуынша, 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа жалақыға қатысты 2,5 есе дейін ұлғайту жоспарланған.

Осы мақсатқа бюджеттен 2021 жылға – 222,3 миллиард теңге, 2022 жылға – 361,7 миллиард теңге, 2023 жылы 557,4 миллиард теңге көзделген.