Шымкентте дене шынықтыру сабағынан кейін оқушы көз жұмды

Бұл туралы Шымкент қаласы білім беру басқармасының басшысы Жанат Тажиева хабарлады.

Мектеп директорының сөзінше, 7-сынып оқушысы 19 қараша күні дене шынықтыру сабағында өзін нашар сезінген. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімді мектептің медбикесіне алып барды. Медбике оны тексеріп, жедел жәрдем шақырған. Анасына дереу хабар берілді, — деді Жанат Тәжиева.

Жедел жәрдем жасөспірімді ауруханаға алып кетті. Ол жансақтау бөліміне түскен. 20 қарашада таңертең анасы ұлының көз жұмғанын айтты.

Жанат Тәжиеваның айтуынша, жасөспірім дарынды балаларға арналған № 1 лицей-интернатының 7-сыныбында білім алған. Ол жүрек ақауынан көз жұмды.

ДереккөзOtyrar.tv