Денсаулық сақтау министрлігінің 24 қарашадағы мәліметі бойынша, 28 704 адам коронавирус инфекциясынан (–24 700+ және 4 004 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 5 943 пациент стационарда, 22 761 науқас амбулатория деңгейіндеде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 451 адамның жағдайы ауыр;
- 126 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 81 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 905 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
