Қазақстанда өткен тәулікте 905 адам коронавирус жұқтырды

Жаңа дерек Қарағанды облысында (+131), Нұр-Сұлтан (+123) мен Алматыда (+123) көп  тіркелді. Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысында (+118) коронавирус жұқтырғандар көп.

Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда —  123;
Алматыда — 123;
Шымкентте – 19;
Ақмола облысында – 62;
Ақтөбе облысында — 13;
Алматы облысында — 28;
Атырау облысында — 15;
Шығыс Қазақстан облысында — 42;
Жамбыл облысында — 5;
Батыс Қазақстан облысында -22;
Қарағанды облысында — 131;
Қостанай облысында — 89;
Қызылорда облысында — 4;
Маңғыстау облысында — 6;
Павлодар облысында — 102;
Солтүстік Қазақстан облысында — 118;
Түркістан облысында — 3.

Статистика

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 966 423-ке жетті, оның ішінде 929 120-ы жазылып шықты.