Ұлттық банк төрағасы инфляция қашан төмендейтінін айтты

Үкімет пен Ұлттық банктің үйлескен іс-қимылы нәтижесінде қазанда алты ай бойы көтерілген жылдық инфляцияның өсуі тоқтады. Инфлицияға қарсы жүйелі шараларды одан әрі іске асыру 2021 жылғы инфляцияны 8,5%-ке дейін тұрақтандыру, ал 2022 жылы 4-6 проценттік дәлізге кіруге мүмкіндік береді, — деді Ерболат Досаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында тұрақтандыру қорларын тиімді пайдалану қарастырылған. Бұдан бөлек, өнімдерді форвардтық сатып алу іс-шаралары бар. Осылайша, биыл инфляция 8,5%-тен аспауға тиіс.

2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, инфляция біртіндеп төмендеп, 2023-2024 жылдары 4-5%, ал 2025-2026 жылдары 3-4% деңгейінде болады, — деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банктің сөзіне қарағанда, инфляцияны 3%-ке дейін төмендету үшін қазіргі іс-шаралар аздық етеді. Оған қоса, экономиканы одан әрі әртараптандыру және импорт тауарларына тәуелділікті төмендету аясында жүйелі жұмыстарды жандандыру қажет.