Басты бет / Жаңалықтар /
Вакцина
Фото Елнұр Асқаровтың жеке архивінен

Алматыда 18 жасқа толмаған жасөспірімдер вакцинация паспортын алды

Бұл туралы Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина академиясының жастар саясаты басқармасының басшысы Елнұр Асқаров айтты.

Оның айтуынша, медицина академиясындағы студенттердің ішінде 1 599 кәмелетке толмаған жасөспірімдер бар. Олардың барлығы ұжымдық иммунитетті нығайту үшін вакцинациялауға дайын. Сонымен бірге жоғары оқу орнының оқытушылар құрамының 100% вакциналанған.

Біз бір жарым жылға созылған шектеулерді есімізде жақсы сақтаймыз. Бұл жаңа оқу жылы вакцинацияның арқасында күндізгі форматта басталды. Егер біз санитария-эпидемиология ережелерін сақтауды жалғастырсақ, егер жасөспірімдер вакцинацияланатын болса, біздің қала мен еліміз эпидемиология жағдайының нашарлауынан құтыла алады, — деді Елнұр Асқаров.

Бізде АМСК клиникасы бар. Кеше біз 18 жасқа толмаған вакциналанбаған студенттердің тізімін, ата-аналардың рұқсаттарын жинадық және екпе жасай бастадық, — деді ол.

ҚазҰМУ өкілі өзі «Спутник V» препаратымен алғашқы алматылықтардың қатарында вакциналанғанын, екпені ауыстыру ұсыныстарын ескере отырып, ревакцинациядан өтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram