Талдықорғанда қаланы абаттандыру мәселесі қаралды

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста Талдықорғанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрым Әлиұлы, Талдықорғанның тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айдос Жақыпбек, Талдықорғанның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Хамитжанов есеп берді.

Басқосуда барысында Талдықорған аумағындағы абаттандыру жұмысы қаралып, ағаш отырғызу жоспары талқыланды. Сонымен бірге пәтер иелері кооперативінің қызметі, проблемалық нысандар бойынша сұрақтар қаралды. Оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелдері, жол құрылысы секілді маңызды мәселелер сөз болды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселе жан-жақты қаралды. Баяндамашылар мен отырысқа қатысшылардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріліп, тиісті ұсынымдар қабылданды.

Хаттама жасалып, оның негізінде құзыретті мемлекеттік органдарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін бақылау жүргізу үшін облыстық партия филиалы тарапынан ресми хаттар жолданды.