Алматыда ЖРВИ жұқтырғандар саны көбейді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мегаполистің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қалада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі жыл сайын байқалады. Өткен аптада Алматы дәрігерлері 10 316 жағдайды тіркеді.

Өткен жылмен салыстырғанда, қазір ЖРВИ-мен ауыратындар үш есе көп. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш апта сайын өсіп отыр. Науқастардың 62%-і балалар. Медициналық мекемелерге барлығы 526 науқас жатқызылды, оның ішінде 17 жүкті және бір жасқа дейінгі 165 бала бар, − деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар ол ЖРВИ өз кезегінде адамдарды коронавирусқа әсер ететінін атап өтті.

Сондықтан қала тұрғындары санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарауы керек. Тұмауға және коронавирусқа қарсы вакцинация өте маңызды. Алматыда тұмау жұқтырған 5 жағдай тіркелді. А H3N2 штаммы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен емханаларда анықталды, − дейді спикер.

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық департаменті басшысының айтуынша, жыл басынан бері маусымдық коронавируспен қатар риновирус, 2 типті парагрипп, бокавирус, риносинтициалдық вирус (РС-вирус) және аденовирус – барлығы 28 факті анықталды. Тұмаудың асқынуынан және басқа маусымдық аурулардан сақтану үшін вакцинациядан өткен дұрыс. Әсіресе, қауіп санатындағыларға вакцинация жасау өте маңызды.

Айта кетейік, биыл қауіп тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін 130 000 доза көлемінде ресейлік өндірістің «Гриппол Плюс» тұмауға қарсы үшвалентті вакцинасы сатып алынды.