Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының кей аудандарында тұман, көктайғақ болады, түнде жел 18-23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысындатұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облының аймақтарында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Атырау, Батыс Қазақстан обылыстарының бірқатар аймақтарында бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында бұрқасын болады, жел 17-22, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының аймақтарында бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

ДереккөзBAQ.kz