Шығыс Қазақстанда қасқыр ату үшін 4 млн теңге жұмсалды

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы хабарлағандай, 2016 жылдың 1 желтоқсан күнгі дерегі бойынша, облыста 348 қасқыр мен 22 бөлтірік атып өлтірілді.

Жыртқыштарды аңшылық билеті мен аңшылық жасау рұқсаты бар қарапайым азаматтар жоя алады. Әуесқой аңшыларды ынталандыру мақсатында бұл үшін мемлекеттік сыйақы тағайындалған.

Сонымен, қасқырды өлтіргені үшін — 12 мың теңге, ал бөлтірікті атқаны үшін — 6 000 теңге беріледі.

ДереккөзYk-news.kz