Басты бет / Жаңалықтар /
сауда орталығы, Алматы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Вакцина салғызбағандар жұмыс күндері де сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін

Бұл туралы Алматы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева айтты.

Оның сөзінше, қазір 479 нысан жүйеде көшбасшы болып тұр. QR-код бойынша келушілер саны аз болған 3 044 қатысушы жүйеден шығарылды.

Қазір бас санитар дәрігердің №47 қаулысы бойынша «жасыл» статусы бар тұлғалар нысандарға бара алады. Жақында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бұл тәжірибені жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысында қолдану ұсынылды. Яғни сауда және ойын-сауық орталықтарына тек «жасыл» статусы бар адамдарды кіргізу мәселесі қаралып жатыр. «Атамекен» бұл мәселені талқылауға белсенді қатысады, өйткені сауда орталықтарында көптеген кәсіпкер жұмыс істейді, — дейді Салтанат Лесбаева.

Ол сонымен бірге сауда орталықтарында кірісі төмендеуі мүмкін басқа да қызмет түрлері бар екенін айтып, бұл мәселенің денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе шешілетінін жеткізді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram