Бокстан ӘЧ: жартылай финалға қазақстандық спортшылардан кімдер өтті?

Әлемдік додаға барлығы Қазақстаннан 13 боксшы барған. Олардың ішінен 10 спортшы ширек финалға дейін жетті. Бесеуі жартылай финалға жолдама алды.

Атап айтқанда, Теміртас Жүсіпов (48 келі) өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовты жеңсе, Сәкен Бибосынов (51 келі) Колумбиядан келген Юберхен Мартинестен басым түсті.

Бұдан бөлек, Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жартылай финалға өтті.

Жартылай финалда қазақстандық боксшылардың қарсыластары да белгілі.

Олар:

  • Теміртас Жүсіпов – Евгений Кармильчик (Беларусь);
  • Сәкен Бибосынов – Танарат Саенгфет (Тайланд);
  • Махмұд Сабырхан – Акаш Кумар (Үндістан);
  • Серік Теміржанов – Освелб Кабальеро Гарсия (Куба);
  • Абылайхан Жүсіпов – Севонрец Окадзава (Жапония)

Әлем чемпионатының сыйақы қоры — 2,6 миллион АҚШ доллары.

Алтын медаль алғандар 100 000 долларға ие болады. Күміс медаль үшін 50 000, ал қолаға 25 000 доллар беріледі. Чемпионат 24 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді.