Өңір әкімдіктері ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген ауқымды арнайы операция нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынышты бөлімшелері мен ұйымдарының, сонымен бірге Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдіктерінің шенеуніктерінен құралған қылмыстық топтардың жолы кесілді, − деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының көмекшісі Шыңғыс Әлекешев

Оның айтуынша, күдіктілер субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырумен айналысқан, сонымен қатар кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара және заңсыз сыйақы алудың сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, заттай айғақтар тәркіленді, 30-дан астам тұлға анықталды, олардың көпшілігі қазірдің өзінде қылмысын мойындап, тергеуге көмектесуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды, − деді көмекші.

Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Ұсталғандардың барлығы ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқыру күдігіне іліккені атап өтілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да