Қазақстанда бір тәулікте 1 181 адам коронавирус жұқтырды

Жаңа дерек Павлодар облысында көп тіркелді, өткен тәулікте қалада 168 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда  145;
Алматыда — 145;
Шымкентте – 19;
Ақмола облысында 118;
Ақтөбе облысында 10;
Алматы облысында — 89;
Атырау облысында — 19;
Шығыс Қазақстан облысында 64;
Жамбыл облысында — 13;
Батыс Қазақстан облысында 9;
Қарағанды облысында 131;
Қостанай облысында 79;
Қызылорда облысында 15;
Маңғыстау облысында 4;
Павлодар облысында — 168;
Солтүстік Қазақстан облысында 137;
Түркістан облысында 16.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 941 793-ке жетті, оның 889 558-і жазылып шықты.