Қазақстанда ХҚО-лар жұмысында ақау шықты

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және мемлекеттік корпорацияның мамандары туындаған мәселені шешіп жатыр.

Азаматтардан түсіністік білдіруін сұраймыз, – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

Мемлекеттік қызметтер egov.kz электрондық үкімет порталында, egov mobile қосымшасында және egovkzbot2.0 телеграм-ботында онлайн түрде қолжетімді.

Қажет болған жағдайда клиенттер ХҚО-да орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы қызметкерлерден кеңес ала алады. Мемлекеттік корпорация келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, – делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ таратқан хабарламада.