Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы тәуліктерде жаңбыр, қар жауады.

Қазанның көп бөлігі қазақстандықтарды жылы күндермен қуантты. Ал қараша бізге нағыз күзгі ауа-райын сездіртеді: демалыс күндері Қазақстан аумағына Солтүстік-Батыс циклон әсер ете бастайды. Ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашынды, желдің күшеюін, солтүстік облыстарда бұрқасын және көктайғақ құбылыстарын, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуін алып келеді, — делінген хабарламада.