Балаларға вакцинаны мәжбүрлеп салғызатыны рас па?

Stopfake.kz биыл 1 қарашадан бастап балаларға вакцинаны мәжбүрлеп салғызатын заң күшіне енетіні туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Бұл жансақ пікірлерді Білім және ғылым министрлігі де жоққа шығарды.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай заң жобасы жоқ. Мектептерде балаларды мәжбүрлеп вакциналау жүргізілмейді. Мектеп балаларға білім береді, әлеуметтенуге көмектеседі. Ата-аналардың келісімінсіз вакцинациялау туралы мәселе көтеріліп отырған жоқ. Қазақстандықтардан әлеуметтік желілерде резонанс тудыру үшін жеке азаматтар тарататын жалған ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз», деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.