Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 29 қазандағы мәліметі бойынша, 48 742 адам (42 907 + және 5 835 КВИ–) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 8 435 науқас, амбулаторияда 40 307 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 587  адамның жағдайы ауыр, 154 науқастың жағдайы өте ауыр. 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 697 адамнан коронавирус анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да