Facebook атауын өзгертті

Ребрендинг туралы Facebook девелоперлерінің жыл сайынғы конференциясында жарияланды. Ресми көзқарас бойынша әлеуметтік желінің жаңа атауы компанияның қазіргі қызметіне толық сәйкес келеді.

Facebook кейінгі кездері адамдардың жұмыс істеп, ойын ойнап, өзара пікір алмасуына мүмкіндік тудыратын онлайн әлем құру туралы жоспарларынан хабардар етіп келген еді. Әлеуметтік желінің атауының өзгеруімен бірге Facebook-тің өнімдеріне қатысты сыни пікірлер де айтылмай қалған жоқ.

Мысалы, компанияның бұрынғы қызметкерлерінің бірі Фрэнсис Хауген Facebook-тің желіні қолданушылардың мүддесінен көрі пайда табуға барынша көңіл бөліп келгенін айтқан.

Айта кетейік, 2015 жылы Google де құрылымын өзгерткен еді. Ол басты компанияның атауын Alphabet деп өзгертті. Дегенмен компанияның өнімдері бұрынғы атауларын сақтап қалды.