Маңғыстауда газ құбыры жарылды

Оқиға Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында түнгі мезгілде болған. Мас жүргізуші көлік руліне ие бола алмай, көше бұрылысындағы құбырды соққан. Сол жерде өрт тұтанып, «Уаз Патриот» көлігі түгел жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда бүлінген құбырды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған. Ол 7 жылға көлікті басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Жүргізушіге Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жол-көлік оқиғасының болдырмау шараларын күшейту мақсатында Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын жолдардағы ерекше жауапкершілік туралы ескертеді, – дейді Полиция департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева.