Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін іс-шара «Хабар 24» телеарнасынан Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11.00-де тікелей эфирде көрсетіледі, — деді ол.
