Денсаулық сақтау министрлігінің 21 қазандағы мәліметі бойынша, 51 318 адам (44 971 + және 6 347 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 8 851 науқас, амбулаторияда 42 467 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 634 адамның жағдайы ауыр, 165 пациенттің жағдайы өте ауыр. 103 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 844 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
