Шымкентте қоқыстың арасынан сәбидің мәйіті табылды

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС қызметкерлері тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қоқыс жәшігінің ішінен жаңа туған баланың мәйіті бар пакетті тапқанын анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және оны қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайды, − делінген хабарламада.