Шығыс Қазақстанда карантин ұзартылды

Өңірде карантин 30 қазанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 19,5%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,971, – делінген құжатта.

Осы ретте ШҚО Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.