YouTube-те қазақстандық сериалдардың танымалдығы артып жатыр

Қыркүйек айында көрермендер «Хабар» арнасын 14 миллион сағаттан астам тамашалаған. Бүгінгі таңда агенттіктің видеохостингінде 8,5 миллион көрермен тіркелген. Сонымен бірге Qazaqstan телеарнасының да нәтижелері өте жақсы. Арнаның YouTube платформасында 5,4 миллионнан астам тіркелуші (көрермен) бар.

Айта кетейік, Qazaqstan телеарнасының 100 сериялы «Замандастар» хикаясы YouTube-те 17 миллионнан астам қаралым жинады. Жалпы алғанда, платформада сериалдың барлық көріністерінің ұзақтығы 17 045 сағатқа жетті. Сериалды қазақстандықтар ғана емес, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және АҚШ көрермендері де зер салып отыр. Сериал ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында түсірілді. Онда қазақстандықтарға мемлекеттің егемендік алғаннан кейінгі оң өзгерістері туралы айтылды.

Иллюстрация: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Осы орайда платформа қолданушылары аталған сериалға түрлі пікір білдіріп жатыр. Олар Қазақстанда киноиндустрия қарқынды дамып келе жатқанын, ал сериалда рөлге жақсы үйлескен шебер актерлер түскенін атап өткен.

Бұрын-соңды болмаған премьералардың мінсіз маусымын «Хабар» телеарнасы таныстырды. Көрермен көзайымына айналған «Келінжан-3» сериалы рекордтық қаралым жинап, YouTube видеохостингі трендтеріне енді.

Келінжан-3
Иллюстрация: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін сүйікті «Келінжан-3» комедиясы 15 серия бойынша 26 миллионнан астам қаралым жинады. Тікелей көрсетілім (трансляция) барысында сериал YouTube трендтерінің алғашқы қатарларын тұрақты түрде ұстап тұрды. Қазақстандық отбасының өмірін әлемнің 50-ге жуық ел көрді. Сериал отандық көрерменмен қатар, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан секілді көршілеріміз арасында да үлкен сұранысқа ие болды. Сонымен қатар АҚШ, Моңғолия, Корея Республикасы, Түркия, Ұлыбритания және басқа да елдердің көрермендері де «Келінжан-3-тегі» отбасымен бірге жылап, күліп отырды.

«Хабар» телеарнасындағы осы күздің тағы бір премьерасы – «Рауза» телехикаясы – YouTube-те 19 миллионнан астам рет қаралған. 40 елдің көрермендері сүйікті кейіпкерлеріне 5 миллион сағат бойы қызуғышылық танытқан. Телехикая 16 сериядан тұрады.

«Хабар» телеарнасы мұнымен жаңа премьералармен қуантуды тоқтатпақ емес. Қазір көрермендер назарына қорықшының моральдық-адамгершілік құндылықтары мен қауіпті жұмысының қыр-сыры туралы баяндайтын «Қақпан» хикаясы ұсынылды.

Иллюстрация: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Өз кезегінде, YouTube қолданушылары көптеген оң пікір білдіріп, өздерінің сүйікті сериалдарын жалғастыруды сұрап отыр.

Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ел президентінің ақпараттық контентті идеологиялық толықтыру жөніндегі өзекті тапсырмалары аясында отандық телеарналар белсенді шаралар қабылдады.

Атап айтқанда, биыл тарихи бағыттағы сериалдық өнімдерді өндіру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп, бұл аталған тақырыптың үлесін 30%-ке арттыруға мүмкіндік береді.