Алматыда қызметтік көлігімен адам қағып кеткен полицей 2 жылға сотталды

Департамент дерегінше, сот полицейді екі жарым жылға бас бостандығынан және 5 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды.

Одан бөлек, сотталушы есебінен 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 29 170 теңге көлеміндегі қаражат жәбірленушілер қорына мәжбүрлі түрде өндіруді міндеттеді. Бұрынғы полицей енді жазасын қауіпсіздігі барынша төмен колонияда өтейді.

Еске салайық, 14-ші маусымда Алматыдағы Өтемісұлы көшесінің бойымен қызметтік көлікпен келе жатқан жол патрульдік полициясының қызметкері Бақтияр Төлетай алдынан шыққан машинаға соғылмау үшін сол маңдағы көлік жуу бекетіне қарай рульді бұрып жіберген. Алайда ол тізгінін басқара алмай, көлік жуу бекетінде тұрған 50 жастағы әйелді қағып, Газель маркілі автокөлікке соғылған. Ауыр соққы салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Марқұм сол бекетте еден жуушы болып жұмыс істеген екен. Апатқа кінәлі полицей көз жұмған әйелдің туыстарынан оқиға абайсызда болды деп кешірім сұраған еді.