Алматы облысында ірі жол апаты болды

Мәліметтерге сүйенсек, Lada Granta жүргізушісінің кесірінен ірі жол апаты болды. Алматы облысы полициясының мәліметінше, апат таңғы сағат 8-де оңтүстік бағыттағы Алматы – Өскемен жолының 19-шақырымында болған.

Lada Granta автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасап жатқанда көлігін тізгіннен шығарып алған, − дейді құқық қорғау органдары өкілі.

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция әкімшілік іс қозғап, Lada Granta айып тұрағына қойылды.