Еліміздегі әйелдер вагондарының ерекшелігі неде?

Бұл ең алдымен, әйелдердің қауіпсіздігі үшін жасалды. Мұндай вагондарға сұраныс бар. Әйелдер тарапынан қызметке сұраныс артса, компания осы бағыттардың географиясын кеңейтуге дайын. Бұл ретте 7 жасқа дейінгі ұл балаларды алып жүруге рұқсат етілетінін атап өту қажет, − деді Ерлан Жимайлов YouTube-те берген сұхбатында.

Айта кетейік, 10 қазаннан бастап Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен бағыттары бойынша қатынайтын пойыздарда әйелдер үшін арнайы бір купе вагон ашылды.

Ерлан Жимайлов мұндай вагондарда тек әйел жолсеріктер қызмет көрсететінін және вагондардың басқалардан еш айырмасы жоқ екенін айтты.