Қорғаныс министрлігі: Жамбыл облысында оқ-дәрілерді жару жұмысы басталды

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның инженерлік-саперлік бөлімшелерінің күшімен Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер фрагменттерін бақылап жару басталды.

Жұмыс күн сайын дүйсенбіден бастап жұма аралығында 13 қарашаға дейін жүргізіледі. Бұл үшін адамдар жоқ таулы жерде әскери бөлім мен елді мекендерден алыста әскери бөлімнен 12 шақырымнан астам қашықтықта учаске белгіленді. Мамандар тобы жергілікті халық пен инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған жер учаскесін толығымен зерделеді. Жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті халыққа жару жұмыстарының жүргізілуі туралы алдан ала хабарланды. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды, — делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, жару кезінде дыбыстық әсер болады.

Жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында Жамбыл облысының тұрғындарына әскери қойма аумағынан жарылыс дыбысы естілгенін хабарлаған едік.