Экономика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Швеция корольдік ғылым академиясының мәліметінше, канадалық Кард «еңбек экономикасына эмпирикалық үлесі үшін» Нобель сыйлығын алды. Ал АҚШ азаматтары Ангрист пен Имбенс те «себеп-салдарлық қатынасты талдауда әдістеме ұсынғаны үшін» алды.

Агенттік марапат иегерлері туралы хабарландыру Стокгольмнен тікелей эфирде көрсетілгенін атап өтті.

2020 жылы америкалық Пол Р.Милгром мен Роберт Б.Уилсон аукционның жаңа нұсқасын ойлап тапқаны үшін марапатқа ие болды.

Нобель сыйлығы — ғылыми зерттеулерге, революциялық өнертабыстарға немесе мәдениет пен қоғамға қосқан үлесі үшін жыл сайын берілетін ең беделді халықаралық сыйлықтардың бірі. Бұл сыйлық биылғы соңғы Нобель сыйлығы және жеңімпаздарға 10 миллион швед кроны (1,14 миллион доллар) беріледі.

Бұған дейін әдебиет, физика, химия және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы иегерлері анықталды.