Құжат осы жылдың маусым айында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің бірінші отырысында талқыланып, Ашық НҚА порталында жария талқылау үшін орналастырылған.
Заңның (Тұтынушылар құқығын қорғау туралы Заң) 2-ші топтамасы қажетті түзетулерді қарастырады. Атап айтқанда, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірыңғай жалпыұлттық коммерциялық емес ұйымның жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз қалау ұсынылады. Бұл еліміздегі барлық үкіметтікемес ұйымдарды біріктіріп, нығайтады. Екіншіден, тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу жоспарлануда. Ол халық пен қоғамдық бірлестіктердің дауысы болады, — деді комитет басшысы.