Алматыда оқу жылынан бастап қанша бала коронавирус жұқтырды?

Қайрат Жұмановтың айтуынша, Алматыда 282 мектепте 303 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Дегенмен, оқушылар арасында коронавирусты жұқтыру жағдайлары кездесіп отыр.

Сабақ басталмас бұрын оқушылар мектепте маска тағып, карантин шарасы қатаң болатыны ата-аналарға ескертілді. Сонымен бірге әр сыныпқа жеке бөлме берілді. Оның үстіне, бастауыш сыныптар бөлек есіктен кіретіндей етіп жасадық. Оқушылардың барлығы бұл шектеулерге бейімделіп, үйреніп қалды. Дегенмен, сабақ басталғалы 615 баланың вирус жұқтырғаны анықталды, олардың 314-і жазылып, сабаққа қайта оралды. 311 оқушы онлайн форматта оқып жатыр, – деді ол онлайн брифингте.

Сонымен бірге ол оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі алдыңғы орында екенін, сондықтан мектептегі шектеу шаралары сақталатынын жеткізді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да