Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 жастағы 2 жасөспірім құрылыс нысанынан 1 миллион теңгенің материалын ұрлап кеткен. Кәмелетке толмаған балалар 5 күн бойы күзеті жоқ нысаннан әрқайсысының ұзындығы 6 метр болатын 39 дана арматураны алып шыққан. Ұрланған металдарды таяу маңда орналасқан металл қабылдау орнынан сатып жіберген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында кәмелетке толмағандар қолға түсті. Полиция қызметкерлері ұрланған арматураларды тәркілеп, иесіне қайтарды, — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, ұсталған балалар кінәларын мойындап отыр. Олардың астана аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің құрылыс алаңдарында орын алған тағы 3 ұрлыққа қатысы болуы мүмкін.
Ювенальды полиция қызметкерлері 16 жастағы екі жасөспірімді ерекше бақылауға алды. Ал олардың ата-аналары балаларына тәлім-тәрбие беру міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы ықтимал,- деді полициядан.
