5-7 қазан күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Ал 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын түседі.

Алдағы үш күнде жауын-шашын болып, тұман түседі. Синоптиктер болжамы бойынша көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін.

Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 5-10 аязға дейін, шығыста 3-11 аязға дейін төмендейді.

Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.