Алматыда бір тәулікте 6 мың астам адам вакцина салдырды

Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 427, II компонентін 4 244 адам салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы алдыңғы орында тұр. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 30 қыркүйек аралығында қалада 950 399 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 866 572 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 118 064 адамның жасы 60-тан асқан, − деді басқарма өкілі.

Бүгінгі таңда қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 214 егу бригадасы бар.

Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді, − деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да