Сириялық бүлікшілер Астанаға келіссөзге келеді

Басқосуға Ресей, Түркия және Иран елдерінің өкілдері келеді. Негізгі мақсат Сирияда оқ атпау туралы режимді ұзартып, бейбітшілікті сақтау. Алайда бүлікшілер әу баста қойға талабын өзгертпеген. Көздегендері ел президенті Башар Асадты биліктен кетіру. Айтуларынша, Астанадағы кездесуде саяси мәселелер емес, гуманитарлық тақырыптар талқыланады.

Дегенмен келіссөз өтетеін күн өзгертілуі мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен түрік басшысы Тайип Эрдоған Қазақстан астанасы Сирияда бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөз жүргізетін жаңа аймақ болатынын айтқан еді. Бұл бастаманы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қолдады.

Дереккөз24.kz