Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қайтыс болды

2021 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының «Алматы-Ташкент» тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам оқиға орнында қаза тапты. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жол-көлік оқиғасы себебі анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.