Универсиада кезінде метродағы тексеріс күшейтіледі

«Метрополитен» КМК директоры Нұрлан Мұқановтың айтуынша, бұл қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарастырылған шара.

«Біз метро жолаушыларынан аталған тексеріс шараларына түсіністікпен қарауын өтінеміз. Қазіргі уақытта тексеріс басталып кетті. Жолаушылардың заттары: киімдері, қол сөмкелері, рюкзактары — барлығы тексеріледі. Одан бас тартқан адам пойыздарға жіберілмейді»,-дейді Нұрлан Мұқанов.

Сонадй-ақ, метрополитен басшылығы жолаушыларға тексеріс аумағында ұзақ тұрып қалмауы үшін пойыздардың келу уақытын көрсететін мобильді қосымшаны пайдалануға кеңес береді. Сол арқылы ертерек келіп, уақыт үнемдеуге болады.

28-ші Бүкіләлемдік Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. 58 елден келетін 3 393 спортшы келеді.

Алдына ала деректер бойынша, ойынды тамашалауға 30 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде.

Дереккөзinformburo.kz