Басты бет / Жаңалықтар /
Көлік өрті, Атырау
Фото: Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді

Бұл туралы Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыс оқиға кеше, 20 қыркүйекте сағат 18.42 шамасында болған.

Департаменттің диспетчерлік пультіне «Атырау-Индер» тас жолындағы Бесікті ауылының тұсында жанар-жағармай тасымалдайтын көлік өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер сыйымдылығы 23 тонналық жүк көлігінің кабинасы толық өртенгенін анықтады. Жалын сағат 19.09-да оқшауланып, сағат 19.13-те сөндірілді. Өртті сөндіруге арнаулы қызметтің 8 қызметкері мен 2 көлігі жұмылдырылды. Көліктің өртенуіне электр жүйесінің қысқаша тұйықталуы себеп болған, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram