Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Сауран АПБ-не жүк көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті.

Дерек ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша СДТБТ-де тіркелді. Полицейлер оқиға орнына келіп, қажетті іс-шаралар кешенін өткізді.

Шымкент − Самара тас жолының 135 шақырымында Шымкенттен Түркістанға қарай бара жатқан DAF 460 жүк көлігінің жүргізушісі DAF 105 жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, − делінген департаменттің хабарламасында.

Деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, DAF 460 автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.