Алматыдағы атыс: қаза тапқан бір полицейдің артында 5 баласы қалды

Полицияның хабарлауынша, қаза тапқан полицейдің бірі — Алатау ауданы полиция бөлімінің аға полицейі Дархан Сүлеев. 2003 жылдан бері Алматы полиция департаментінде қызмет атқарған. Осы жылы академияны тәмамдаған. Отбасылы, бес баласы бар.

Екінші полиция қызметкері Нұрбол Байғазиев 2014 жылдан бері полиция департаментінде жұмыс істеген. Отбасылы, екі баласы бар.

Екеуі де Ақбұлақ шағынауданының учаскелері. Ешқандай тәртіп бұзған емес, жұмысы үшін 17 рет марапатталған. Халық та олардың қызметіне оң баға беретін, — дейді  Алматы полиция департаментінің бастығы.

Фото: Tengrinews.kz

Алматы полиция басшысының айтуынша, бесінші қаза тапқан адам үйдің жаңа иесінің досы екені анықталған. Ол қылмыс кезінде куәгер болған.

Еске салайық, 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында Алматының Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданында ер адам 5 азаматты, оның ішінде 2 полиция қызметкері мен сот орындаушысын және үйдің жаңа иесін атып өлтірген.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, екі қылмыстық іс қозғалған.