Атырауда 1,5 миллионнан астам ПТР зерттеу жасалған

Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында өткен онлайн брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты.

Бақытгүл Хаменова
Фото: atr.kz

Облыста 14 ПТР зертханалары жұмыс жасайды. Ондағы мәліметтер бірыңғай электронды порталға интеграция жасалды. Індет басталғалы 1​ 597 023 зерттеу жасалды,- деп нақтылады Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Вирустың таралу деңгейінің ​ төмендеуіне байланысты, облыс бойынша инфекциялық төсек орындар саны қысқартылып жатыр. Мәселен, Атырау облыстық ауруханасы жоспарлы емдеуге көшті.

​Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 518 науқас емделуде. ​ Ал, осыдан бір ай бұрын 1818 науқас инфекциялық стационарда жатқан болатын,- деп атап өтті спикер Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетелік, пандемияға байланысты Атырау қаласында 200 орындық модульдік инфекциялық аурухана, Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында 200 орындық модульдік аурухана іске қосылды.